Путин АҚШ-тың Париж келісімінен шығуын маңызды емес деп атады
Ресей президенті АҚШ-тың климат жөніндегі Париж келісімінене шығу әрекетін маңызды емес деп атады.
АҚШ Конгресінің Hill ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Вашингтон климат жөніндегі Париж келісімінен шыққаннан бір күннен соң Ресей президенті Владимир Путин бұл келісімді қорғағанымен, әлемнің басқа саяси басшыларына керісінше Путин АҚШ президенті Дональд Трамптың әрекетін сынға алудың орнына, оны маңызды емес деп атады.
Әлемнің көптеген басшылары АҚШ президенті Дональд Трамптың өз елінің климат жөніндегі Париж келісімінен шығу туралы әрекетін қатаң сынады.
Климат жөніндегі Париж келісімі ұсынылмас бұрын Ресей бұл елдегі парниктік газдардың шығарылу мөлшерінің азаюына, нақтырақ айтқанда 2030 жылға дейін 75 пайызға төмендеуіне алып келетін бағдарлама бекіткен болатын.