Путин: Ресей экономикасының жаңа кезеңі басталды
(last modified Sat, 03 Jun 2017 13:43:22 GMT )
Маусым 03, 2017 19:43 Asia/Almaty
  •  Путин: Ресей экономикасының жаңа кезеңі басталды

Ресей Президенті Санкт-Петербург қаласында өткен Халықаралық экономикалық форумда 2017 жылдың бірінші үш айында Ресейге шамамен 7 миллиард доллар шетелдік инвестицияның салынғанын жариялады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл мөлшер 2,3 пайызға артқан.

Путинның айтуынша, Ресейге салынған шетелдік инвестицияның даму көрсеткіші бұл елдің экономикалық дамуынан жоғары және бұл Ресейдің экономикасының жаңа кезеңге бет алғандығының белгісі. Путин 2020 жылға дейін Ресей экономикасын әлемдік орташа экономикалық дамудан арттыру мақсатына жеткізуге үміт білдірді.