Арабстан мен БАӘ қатарлықтардың ерік-жігерін жаулап алуды мақсат етуде
(last modified Tue, 06 Jun 2017 16:15:52 GMT )
Маусым 06, 2017 22:15 Asia/Almaty
  • Арабстан мен БАӘ қатарлықтардың ерік-жігерін жаулап алуды мақсат етуде

Йеменнің Ансаролла қозғалысының ақпарат хатшысы «Арабстан режимі мен БАӘ Йеменде сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Қатар халқы мен үкіметінің ерік-жігерін жаулап алуды мақсат етуде» деп мәлімдеді.

Йеменнің Ансаролла қозғалысының ақпарат хатшысы Мохаммад Абдулислам осы елдің үлемдері және танымал тұлғаларымен өткен отырыста: «Арабстан мен БАӘ-нің Қатармен қарым-қатынастарын үзуі олардың Американың аумағын кеңейту жобасын жүзеге асыру мақсатындағы шапқыншылық саясатын дәлелдейді. Арабстан мен БАӘ-нің сионистік режиммен байланысы үйлесімді. Ол барлық араб елдері мен аймақ елдері үшін қауіп-қатер саналады» деп, Йемен үлемдерінің қолдауымен дұшпанмен қарсыласушы ішкі майданды нығайту қажеттігін қуаттады.

Йемендік үлемдер мен тұлғалар да мәлімдеме жариялап, кез келген бөгде билікпен қарсыласуды, осы елдің  егемендігі мен бірлігін ресми тануды қуаттап: «Саудиялық-америкалық басқыншы дұшпанмен қарсыласып, күресу - Йеменнің басып алынған барлық жерін азат еткенше жалғасатын жалғыз стратегиялық вариант» деп мәлімдеді.