Тәжікстанда лаңкестікке қарсы әскери жаттығулар аяқталды
Маусым 07, 2017 06:13 Asia/Almaty
Тәжікстанда "Душанбе – антитеррор 2017" тақырыбымен өткен ТМД елдерінің лаңкестікке қарсы әскери жаттығулары аяқталды.
Бұл әскери жаттығуларда лаңкестер "Ураган" атты зымырандық жүйенің нысанасына алынып, Ресей алғаш рет "Искандер-М" атты зымырандық жүйесін өз шекараларынан тыс жерде сынақтан өткізді. Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы: "Ресей – ТМД елдеріне қарсы кез келген лаңкестік қоқан-лоққыға төтеп бере алатын мықты ел" деді.