Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі комиссары Теһрандағы лаңкестік шабуылдарға реакция білдірді
(last modified Thu, 08 Jun 2017 00:30:46 GMT )
Маусым 08, 2017 06:30 Asia/Almaty
  • Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі комиссары Теһрандағы лаңкестік шабуылдарға реакция білдірді

Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі комиссары Теһрандағы лаңкестік шабуылдарға реакция білдіріп, бұл оқиғаны өкінішті деп атады.

Сәрсенбі күнгі Ислам кеңесі мәжілісінің ғимараты мен ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейнидің кесенесіне жасалған лаңкестік шабуылдарға реакция білдірген батыстық алғашқы қайраткер Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могерини Иранның Сыртқы істер министрімен  телефон арқылы байланысып, бұл шабуылдар туралы хабарларды қадағалап отырғанын айтты. Теһрандағы лаңкестік шабуылдардың жауапкершілігін ДАИШ тобы өз мойнына алды.