Ресей «Протон-М» зымыран-тасығышын ұшырды
https://itolqyn.com/news/world-i27856-Ресей_Протон_М_зымыран_тасығышын_ұшырды
Ресей байланыс серігін тиеген «Протон-М» зымыран-тасығышын ұшырды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 09, 2017 07:54 Asia/Almaty
  • Ресей «Протон-М» зымыран-тасығышын ұшырды

Ресей байланыс серігін тиеген «Протон-М» зымыран-тасығышын ұшырды.

«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы Ресейдің кеше, бейсенбі күні америкалық Еchostar-21 байланыс серігін тиеген «Протон-М» зымыранын сәтті түрде ұшырғанын хабарлады.  

Бұл өткен бір жылда зымыранның осы түрін ұшыру үшін қолданылатын көптеген моторларынан ақаулар табылғаннан кейінгі Протон-М зымыранының бірінші рет ұшырылуы. Сол себепті «Роскосмос» корпорациясы «Протон-М» зымыранының жергілікті уақыт бойынша сағат 6:45-те ұшырылып, оның барлық кезеңдерінің бағдарлама бойынша жүзеге асырылғанын хабарлады.