Лаңкестікпен күрес – Зарифтің Қазақстандағы кеңесулерінің негізгі тақырыбы
(last modified Sat, 10 Jun 2017 09:35:14 GMT )
Маусым 10, 2017 15:35 Asia/Almaty
  • Лаңкестікпен күрес – Зарифтің Қазақстандағы кеңесулерінің негізгі тақырыбы

Иран Сыртқы істер министрі Қазақстан сапары кезінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысумен қатар, саммитке қатысушы кейбір мемлекеттердің басшылары мен Сыртқы істер министрлерімен кездесіп, сұхбаттасты.

ИИР Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф жұма күні Астана қаласында Ресей, ҚХР, Өзбекстан, Қырғызстан Сыртқы істер министрлері және Қазақстан, Ауғанстан президенттері мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысушы басқа да лауазымды тұлғаларымен кеңесулер өткізді.

Иран Сыртқы істер министрінің Қазақстандағы кеңесулерінің ортақ тақырыбы маңызды мәселе, маңызды әлемдік түйткіл, яғни күннен-күнге артып келе жатқан лаңкестік қаупі мен осы құбылыспен шынайы түрде күрес болды. Зарифпен кездескен Сыртқы істер министрлері мен президенттер 2017 жылы маусымның жетісі Теһранда орын алған лаңкестік шабуылдарды айыптап, түрлі формалардағы лаңкестікпен күресу қажеттігін қуаттады. Бүгінде әртүрлі формалардағы лаңкестік – түрлі аймақ халықтарының басына төніп тұрған бақытсыздық. Мұндай жағдайда лаңкестікпен шынайы күресте әлемдік қауымдастықтың ынтымақтастығы мен интеграциясы ауадай қажет. Тіпті, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің басшылары Астанада өткен саммитте сөздерін лаңкестік қатері мәселесінен бастап, бұл құбылыспен кесімді түрде күресу қажеттігін қуаттады.

Ресей президенті Владимир Путин бұл отырыста: "Тек түрлі мемлекеттердің тиімді әрі шынайы ынтымақтастығы арқылы лаңкестікті жеңе аламыз",- деп мәлімдеді. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстанда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде аймақтағы ахуалға тоқталып: "Таяу Шығыста шиеленісіп келе жатқан бейберекеттік әсірешілдік, лаңкестік, халықаралық қылмыс пен есірткі контрабандасының дамуына себеп болып отыр",- деді.

Қауіп-қатері басқа аймақтарға, әсіресе Орта Азия мен тіпті Еуропа елдеріне жеткен Азияның батыс аймағындағы лаңкестіктің түп-тамырын лаңкестікпен күрес деп жар салатын кейбір мемлекеттердің саясаты мен саудиялық ваххабизм идеясының таралуынан іздеу керек. Лаңкестіктің идеологиялық және қаржылай қайнар көздері жойылмайынша, лаңкестіктің қатерлері Сирия және Иракпен шектеліп қалмайды. Бұл қауіп-қатерлер шекаралардан асып, халықаралық деңгейге жетеді. Тіпті жетті деуге де болады. Кейбір Еуропа елдерінің астаналары, әсіресе Лондон мен жуырдағы Иранның астанасындағы лаңкестік әрекеттердің бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Сол себепті бұл әрекеттердің барлығы айыпталуы тиіс.

Бірақ кейбір мемлекеттер, әсіресе АҚШ пен Сауд Арабиясының Теһрандағы лаңкестік шабуылдарға реакция білдірудегі саясаты бұл мемлекеттердің лаңкестік пен лаңкестік әрекеттерге көзқарастарының ортақ еместігін көрсетті. Өзі лаңкестіктің құрбаны болып табылатын және қазіргі таңда қатыгез ДАИШ-тік лаңкестікпен күресте алдыңғы шепте орналасқан мемлекетке бұл құбылысқа демеу жасады деген айып тағылып отыр. Иранның лаңкестікпен шынайы күресі Сириядағы ДАИШ лаңкестеріне қатерлі соққы берді. Иранда лаңкестік шабуылдар жасамақ болған бірнеше лаңкестің талпыныстарын дәл осы шеңберде бағалауға болады. 

Осыған байланысты Әзірбайжан Республикасының саяси сарапшысы Тоуфиқ Аббасов Теһрандағы лаңкестік шабуылдар жайлы: "Иран Ресей және өзінің басқа да одақтастарымен бірлесіп, лаңкестердің демеушілерінің Таяу Шығыстың саяси картасын өзгертуге бағытталған жоспарын залалсыздандарды. Сондай жағдайда бұрынғыдан бетер өзінің аймақтағы күшінен айрылып бара жатқан ДАИШ лаңкестік әрекеттерді, әсіресе Теһрандағы шабуылды жүзеге асырды. ИИР өз одақтастарымен бірге қаржылай және қару-жарақ тұрғысынан қамтамасыз етіп отырған кейбір елдер арқылы лаңкестік топтарға өте қатты соққы берді",- деді.

Иран, Ресей мен одақтастарының Сириядағы лаңкестікпен күресте ынтымақтастық жасауы шынайы әрі тиімді ынтымақтастық пен халықаралық құқықтарға негізделген. Иран, Ресей және ливандық "Хезболла" Сирияның заңды үкіметінің рұқсатымен бұл елде лаңкестікпен шынайы күрес майданын құрды. Бұл ынтымақтастықтың әлемдік деңгейге көтерілуі әртүрлі мемлекеттердің, әсіресе Ауғанстан, Ирак, Пәкістан мен басқа да аймақтардағы лаңкестіктің жеңіліске ұшырауына жеткізді.

 

Әзірбайжан Республикасының саяси сарапшысы - Тоуфиқ Аббасов