Теһранға шабуыл жасаған лаңкестердің Исламға еш қатысы жоқ
«Times of India» газеті өткен бейсенбі күні Теһрандағы лаңкестік шабуыл туралы мәлімет жарялап, оны шиіттер мен сүнниттердің қақтығысы деп сараптаған болатын.
ИИР Хейдарабадтағы консулдық қызметі «Times of India» газетіне ескерту жолдап: «Иран үкіметі мен халқы әрқашан сүнниттерді өзінің діни бауыры деп санады. Сондықтан Теһрандағы Иранның Мәжілісі мен имам Хомейнидің кесенесіне шабуыл жасаған лаңкестердің сүнниттер мен Исламға қатысы жоқ санайды. Шиіттер мен сүнниттер Иранда бірге тату өмір сүреді»,- деп қуаттады.