Ирандық жазушы Германияның әдебиет саласындағы сыйлығын иеленді
(last modified Sun, 11 Jun 2017 16:13:39 GMT )
Маусым 11, 2017 22:13 Asia/Almaty
  • Ирандық жазушы Германияның әдебиет саласындағы сыйлығын иеленді

Ирандық жазушы Фариба Вафи "Литпром" деп аталатын Германияның әдебиет саласындағы ең беделді сыйлығының иегері атанды.

Ирандық жазушы Фариба Вафи неміс тіліндегі аудармасы 2015 жылы жарық көрген "Тарлан" еңбегімен оқырмандардың ең көп дауысын жинап, осы сыйлықтың иегері атанды. "Тарлан" әңгімесі диктаторлық шах режимнің құлауы және одан кейінгі өзгерістерді баяндайды. Германияның әдебиет саласындағы сыйлығы 1987 жылы құрылған.