АҚШ үкіметі Катарға тағы айып тақты
(last modified Mon, 12 Jun 2017 15:42:34 GMT )
Маусым 12, 2017 21:42 Asia/Almaty
  • АҚШ үкіметі Катарға тағы айып тақты

АҚШ президенті Катарды тағы сынап, оны лаңкестікті қолдап отыр деп айыптады.

"Россия" телеарнасының мәліметі бойынша, АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсон және америкалық көрнекті генералдармен бірігіп, Катардан аймақтағы лаңкестерге қаржылай көмек көрсетуді тоқтатуды талап етпек.

АҚШ президентінің сөзі аймақтық кейбір елдер Катармен дипломатиялық байланыстарын үзгеннен кейін айтылып отыр.

Бұрын Трамп Катардың әмірі Тамим бен Хамад әт-Таниге аймақта туындаған келіспеушіліктерді шешу үшін көмек ұсынған болатын.

Біраз бұрын АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон да аймақтағы келіспеушіліктер мен Арабстан және оның одақтастарының Катарды қоршауын тоқтатуды сұраған.

Катар дағдарысы Дональд Трамптың АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті, Қорғаныс министрлігі мен Конгресінің сыртқы саясатқа қатысты сезімтал шешімдерінен хабарсыз екендігін, тек өзінің түсінігіне сай шешім қабылдайтынын  көрсетті.

Катардағы екі әскери базада 11 мыңнан астам америкалық сарбаз орныққан.