ИИР президенті Ресейді ұлттық күнімен құттықтады
Маусым 12, 2017 21:47 Asia/Almaty
ИИР президенті жолдауда Ресейдің ұлттық күніне орай осы елдің халқы мен үкіметін құттықтады.
Хасан Рухани Ресей президенті Владимир Путинге жолдауында соңғы жылдардағы екі ел қарым-қатынастарындағы маңызды жетістіктер аясында байырғы байланыстарды ескере отырып, қазіргі кездегі екіжақты, аймақтық және халықаралық деңгейдегі әріптестіктердің бұрынғыд бетер кеңеюіне үміт білдірді.
1990 жылдың маусым айының он екісі күні Ресей Кеңестік социалистік республикасы депутаттарының алғашқы съезінде егемендік туралы декларация бекітілді. Бірақ 1991 жылдың желтоқсан айының жиырма алтысы күні Кеңес үкіметі құлағаннан кейін Ресей тәуелсіз ел мәртебесін алды.
Тегтер