Сионистік режимнің араласушылығына халықаралық ұйымдардың реакциялары жалғасуда
Палестиналық босқындар істері жөніндегі көмек және жұмыспен қамту агенттігі (UNRWA) бұл органның БҰҰ Бас ассамблеясының қарамағына қарайтынын, ешкімнің оның міндеттеріне араласа алмайтынын қуаттады.
Сионистік режимнің премьер-министрі Бениамин Нетаньяху жексенбі күні «UNRWA Израильге қарсы әрекет етуде» деген уәж айтып, бұл халықаралық ұйымды таратып жіберуді талап етті. UNRWA-ның баспасөз хатшысы Сами Моаше палестиналық босқындардың жағдайы туралы мәселені шешу қажеттілігіне тоқталып: «Бұл дағдарысты шешетін уақыт келді»,- деді.
Бұдан бұрын да UNRWA тарихи деректердің болмауына байланысты Израиль режимінің атауын палестиналық оқушылардың оқулықтарынан сызып тастаған болатын.
Палестиналық босқындар істері жөніндегі көмек және жұмыспен қамту агенттігі (UNRWA) 1949-шы жылдың желтоқсан айында БҰҰ Бас ассамблеясының қарары бойныша Иордания, Сирия, Ливан мен Йордан өзенінің батыс жағалауы мен Газада орналасқан шамамен бес миллион палестиналық босқынға жәрдемдесу мақсатында құрылды.
Өткен жылдары UNRWA сынды халықаралық органдардың сынымен бетпе-бет келген сионистік режим әртүрлі сылтаулар және жанжалдармен бұл ұйымдарға қарсы үгіт-насихат толқынын көтеріп, оларды бұл режимге қарсы сынын тоқтатуға мәжбүрлегісі келеді. Сол себепті сионистік режим UNRWA-ны ыдыратуды талап етті. Бұл мәселе АҚШ-тың қолдауына ие сионистік режимнің арсыз түрде БҰҰ-ның істеріне араласуын көрсетеді. Шапқыншылықты жалғастыруы, билікқұмарлығы мен сионистік режим басшыларының шындықты бұрмалауы әлемдіктер мен UNRWA сынды ұйымдардың Израильдің алдап-арбау саясаттарына реакция көрсетуіне себеп болды. Сионистік режим палестиналық босқындардың еліне оралуына тыйым салып, палестиналықтарға қарсы қысымдарды күшейтуді мақсат етуде.
Сионистік режим сондай-ақ палестиналықтарға көмек көрсетуге белсенділік танытқан әртүрлі халықаралық ұйымдарды ыдыратып, әлемдіктердің палестиналықтардың құқықтарын қамтамасыз етудегі белсенділігін азайтқысы келеді. Сионистік режимнің палестиналықтарға көмек көрсететін органдарды тарату туралы талаптары Палестина халқына, әсіресе бұл елдің босқындарына көмектеспеу бұл жерде адами апатқа соқтыруы мүмкін жағдайда айтылуда. Сионистік режимнің басшылары палестиналықтарды көбірек қырып, палестиналықтардың нәсілін жоймақ. Сионистік режим сонымен бірге БҰҰ-ның палестиналық босқындарға отандарына қайту құқығын беретін 194-ші қарарына қарсы. Әлемдік қоғамның палестиналықтардың құқықтарына бұрынғыдан көбірек көңіл бөлуі мен сионистік режимнің БҰҰ-ның қарамағындағы ұйымдарға араласуы және аталмыш ұйымдардың реакциялары сионистік режимнің бұл ұйымдарға қарсы жанжалдарының халықаралық деңгейде көбірек әшкереленіп, оның оқшаулануына себеп болуда.