АҚШ сенаторлары Сауд Арабиясына қылмыстарын жалғастыруға көмектесуде
https://itolqyn.com/news/world-i28030
АҚШ сенаторлары Вашингтонның Сауд Арабиясына 110 миллиард долларға дамыған әскери қару сатудың алдын алу жобасын қабылдамады. Аталмыш жобаға 47 оң, 53 қарсы дауыс берілді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 14, 2017 19:40 Asia/Almaty
  • АҚШ сенаторлары Сауд Арабиясына қылмыстарын жалғастыруға көмектесуде

АҚШ сенаторлары Вашингтонның Сауд Арабиясына 110 миллиард долларға дамыған әскери қару сатудың алдын алу жобасын қабылдамады. Аталмыш жобаға 47 оң, 53 қарсы дауыс берілді.

АҚШ Президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясына жасаған сапарында бұл елге 110 миллиард долларға қару сату келісіміне қол қойды.

Бұл келісім АҚШ-тың ішінде реакцияға тап болып, оған елдің кейбір заң шығарушылары, соның ішінде кейбір республикашылар қарсылық білдірді.

Кентукки штатының сенаторы Рэнд Пол Сауд Арабиясына қару сатуға қарсы жобаны Сенатқа апарып, АҚШ демократтарының көпшілігімен бірге кейбір республикашылардың,  атап айтқанда Юта штатының Майк Ли және Индиана штатының Тодд Янг сенаторларының қолдауына ие болды. Бірақ, сейсенбі күні Сенатта бұл жоба өтпеді.