Ресей қанатты зымырандарды анықтайтын бірегей радиолокациялық стансалар орнатады
Ресейдің Қорғаныс министрлігі қанатты зымырандарды анықтайтын бірегей радиолокациялық стансалар кешенінің орнатылатынын хабарлады.
Ресейдің Қорғаныс министрлігі ралиолокациялық жаңа кешендердің кейбір техникалық жүйелерін жетілдіру арқылы олардың санын арттыруды жоспарлап отырғандарын мәлімдеді.
Бұған дейінгі қарапайым радарлар бірнеше метр қашықтықтан зымырандарды анықтау әлеуетіне ие болғанымен, "Воронеж-ВП" деп аталатын жаңа радарлар нысаналарын анықтаған соң олардың координаттарын Ресейдің С-300В, С-400 және болашақта С-500 әуе қорғаныс зымырандық кешендеріне жеткізеді.
Бұдан бұрын да Ресейдің ЛОГИС-ГЕОТЕХ компаниясы радиотолқындарды тас, топырақ сынды кез келген кедергінің артынан таба алатын RO-900 радарын жобалаған болатын.