Маусым 20, 2017 21:25 Asia/Almaty
  • БҰҰ Лондондағы лаңкестік шабуылға реакция білдірді

БҰҰ Бас хатшысының ақпарат өкілі Ұлыбританияның астанасы Лондонда мұсылмандарға жасалған шабуылды айыптады.

БҰҰ Бас хатшысының ақпарат өкілі  Стефан Дуджарик: "Лондондағы  мұсылмандарға қарсы шабуыл үрей мен қорқыныш тудырып, оларды жәбірлеу мақсатында қасақана жасалған іс-әрекет болды" деді.

Дүйсенбі күні Лондонда мешіттен шығып жатқан намазхандарға жасалған лаңкестік шабуылда 1 адам қаза болып, 11 адам жараланды.

 

Тегтер