Пентагон ИСИМ жетекшілерінің бірі Омар аш-Шишанидің көзі жойылғанын растады
(last modified Tue, 15 Mar 2016 17:01:57 GMT )
Нау 15, 2016 23:01 Asia/Almaty
  • Пентагон ИСИМ жетекшілерінің бірі Омар аш-Шишанидің көзі жойылғанын растады

АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Пентагонның ақпарат хатшысы ИСИМ жетекшілерінің бірі Омар аш-Шишанидің көзі жойылғанын растады.

Джефф Дэвис Шишанидің 4- ші наурызда «халықаралық» деп аталатын коалицияның бомбалауы барысында өлтірілгенін мәлімдеп: «Пентагон Шишани жарақатының асқынуы салдарынан қаза болды деп санайды» деді. Сирияның адам құқығын бақылаушы ұйымы осыдан бұрын жексенбі күні «Омар аш-Шишани Сирияның солтүстігіндегі Ракка облысының шығысында медициналық жабдықтардың көмегімен ғана тірі қалып отыр» деп мәлімдеген болатын.