Макрон: Башар Асадты биліктен кетіру енді маңызды емес
Маусым 22, 2017 21:30 Asia/Almaty
Франция президенті Сирия президенті Башар Асадты биліктен кетірудің Францияның көзқарасы бойынша енді маңызды еместігін қуаттап: «Бүгінде Сирияда лаңкестікпен күресу басымдылыққа ие» деді.
Эммануэль Макрон сөзінің жалғасында Сирияның күйреуіне тосқауыл болуды келесі басты мәселе деп атап: «Сирия дағдарысы үшін саяси және дипломатиялық жол картасы болуы керек» деді.
БҰҰ-ғы Америка өкілі Никки Хейли да Американың Сириядағы басты мәселесінің бүгінде Башар Асад еместігін мәлімдеді.