Маусым 25, 2017 18:29 Asia/Almaty
  • Ресей Американың орта қашықтықтағы зымырандарды жою келісімінен шығуына реакция танытатынын мәлімдеді

Ресей Федерациясы Кеңесінің қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің басшысы Виктор Озеров жексенбі күні Америка орта қашықтықтағы ракеталарды жою келісімінен шыққан жағдайда Ресейдің қарымта әрекетке баратынын мәлімдеп,

«Спутник» хабар агенттігіне берген сұхбатта Америка Конгресіндегі серіктерінің әрекеттерін жақыннан бақылап, егер Америка орта қашықтықтағы зымырандарды жою келісімінен шығып, Еуропада жаңа зымырандарын орнататын болса, Ресейдің бұл мәселеге көзжұмбайлық танытпайтынын баса айтты.

«Спутник» хабар агенттігінің Мәскеуден хабарлауы бойынша, Американың ақпарат құралдары Конгрестің республикашыл бірқатар өкілінің сенбі күні ел президенті Дональд Трамптан орта қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімнен шығуды сұрағаны туралы хабарлар таратқан.

Аталмыш келісімге 1987 жылы Мәскеу мен Вашингтон екі елдің зымырандық әлеуеттерін шектеу мақсатында қол қойған болатын. 

 

Тегтер