АҚШ-ның стратегиясы лаңкестікке тең
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Еуразия аймағы Парламент басшыларының Сеулдегі басқосуында: «АҚШ-ның стратегиясы лаңкестікпен күресуді мақсат етпейді, керісінше, онымен бірдей»,- деп қуаттады.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани бұл отырыста лаңкестік пен экстремизмді әлемдік қоқан-лоққы деп атап: «АҚШ-ның стратегиясы лаңкестікпен ойнау. Сондықтан, Еуразия аймағының елдері лаңкестік идеологиясының иелері мен олардың қолдаушыларының үгіт-насихат, саяси және қауіпсіздік салаларындағы шығындары арта түсетіндей әрекет етуі керек. ИИР өзінің маңызды геополитикалық жағдайы мен экономикалық, мәдени және қауіпсіздік мүмкіндіктеріне байланысты Еуразия аймағында тұрақты қауіпсіз жүйе орнатуға бұрынғыдан артық жан-жақты көмек көрсетуге дайын»,- деді.
Лариджани АҚШ-тың тәуелсіз елдерге қарсы біржақты экономикалық санкция салуын халықаралық заңдар, БҰҰ Жарғысы мен бірнеше жақты сауда жүйесін әшкере бұзу деп атап: «АҚШ Сенатының ирандық және ресейлік ұйымдар мен жеке азаматтарына қарсы санкция салу туралы жуырдағы шешімі Вашингтонның халықаралық міндеттемелеріне қайшы»,- деп мәлімдеді.