Иран мен Оңтүстік Кореяның банк қатынастары жеңілдетіледі
(last modified Thu, 29 Jun 2017 03:44:16 GMT )
Маусым 29, 2017 09:44 Asia/Almaty
  • Иран мен Оңтүстік Кореяның банк қатынастары жеңілдетіледі

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы банк қатынастары мен виза беруді жеңілдету және Сеул мен Теһран арасында тікелей рейс ашуды Иран мен Оңтүстік Корея қарым-қатынастарын нығайтудағы маңызды қадам деп атады.

Әли Лариджани Оңтүстік Кореяның Ұлттық мәжілісінің төрағасы Чон Сегюнмен  Сеулде кездесуінде оны Теһранға сапар шеуге шақырумен қатар, Иранның Оңтүстік Кореяның инвестицияларды қабылдау және түрлі салалардағы, соның ішінде, энергетика, қоршаған орта мен темір жол желілеріне қатысты жобаларды осы елге тапсыруға әзірлігін мәлімдеді. Лариджани сонымен қатар Еуразия парламенттері төрағалары саммитінің лайықты түрде өткені үшін алғыс білдірумен қатар, осы аймақтағы елдердің экономикалық, кәсіптік, кедендік және қаржы қарым-қатынастарын реттеудің маңыздылығын қуаттады.

Чон Сегюн де Теһран мен Сеулдің қарым-қатынастарын дамуға бет алған деп сипаттап: "Парламенттік қарым-қатынастар  Иран мен Оңтүстік Кореяның мемлекеттік және жеке бөлімдеріндегі қарым-қатынастарын толықтырып, нығайта түседі" деді. Иран Мәжілісінің төрағасы Оңтүстік Кореяның премьер-министрімен де екіжақты байланыстарды кеңейту туралы сұхбаттасты.