ТМД елдерінің жеті мыңнан астам азаматы ДАИШ тобының қатарына қосылған
(last modified Thu, 29 Jun 2017 09:09:32 GMT )
Маусым 29, 2017 15:09 Asia/Almaty
  • ТМД елдерінің жеті мыңнан астам азаматы ДАИШ тобының қатарына қосылған

ТМД елдерінің Лаңкестікке қарсы күрес орталығының басшысы Андрей Новиков бұл елдердің жеті мыңнан астам азаматының Ирак, Сирия, Ауғанстан мен Пәкістандағы ДАИШ лаңкестік тобының қатарына қосылғаны туралы хабарлап:

"Қазіргі таңда Ресейдің 2500-ден астам азаматы лаңкестік топтар шеңберінде Сирия мен Иракта әрекет етуде. Бүгінде ДАИШ жүз ұлт өкілдерінен тұратын лаңкестік топқа айналған. Бұл топ әлемнің қауіпсіздігі үшін қауіпті болуы мүмкін. Қазір ДАИШ Сирия мен Иракта жеңіліске ұшырауда. Бірақ, ДАИШ-тың Ауғанстандағы әрекеттерінің артуы туралы мәліметтер жариялануда. Ресейдің кейбір ақпарат көздері жуырда ДАИШ-тың Ауғанстанның солтүстігіндегі, әсіресе Түркіменстанмен шекаралас жерлердегі жеңістері туралы хабарлады. Сарапшылардың пікірінше, Орта Азия ДАИШ лаңкестік тобының келесі кезектегі мақсаты болмақ",- деп мәлімдеді.