Зариф Парижде франциялық әріптесімен кездесті
(last modified Fri, 30 Jun 2017 13:15:49 GMT )
Маусым 30, 2017 19:15 Asia/Almaty
  • Зариф Парижде франциялық әріптесімен кездесті

Иран және Франция Сыртқы істер министрлері Мохаммад Джавад Зариф пен Жан-Ив Ле Дриан екі ел қарым-қатынастарын тереңдету мен Азияның Батысы аймағындағы өзгерістер жайында сұхбаттасып, пікір алмасты.

Бейсенбі күні кешке орын алған кездесуде Зариф пен Ле Дриан Таяу Шығыс, әсіресе Сирия мен Ирактағы дағдарыстың жалғасуына қатысты алаңдаушылық білдіріп, әлемдік қауымдастықтың лаңкестікпен күресу үшін бірігу қажеттігін қуаттады.

Иран және Франция СІМ басшылары екі елдің қарым-қатынастарын нығайтудың жолдары мен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын жүзеге асыру туралы пікір алмасты.

Бұл кездесу барысында Франция сыртқы істер министрі ИИР-ның аймақтағы негізгі рөл атқаратынын баса айтты.

Иран Сыртқы істер министрі өзінің франциялық әріптесімен кездесердің алдында Франция Сенатының төрағасы Жерар Ларшемен кездесіп, сұхбаттасты.

 

Тегтер