БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі "Ортақ қадам" бағдарламасына оң көзқарас ұстануда
БҰҰ бас хатшысының "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты үшінші есебі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иранның №2231 қарар шеңберіндегі әрекеттерін қарастыруға арналған кезекті отырысында баяндалды. Сол есепке сәйкес, Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты өзінің барлық міндеттемелеріне берік болды.
Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антонио Гуттериш өз есебінде: "Халықаралық атом қуаты агенттігінің жеті баяндамасына сәйкес Иранның ядролық бағдарламасы бейбітшілік сипатта және Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің басым бөлігі мен Еуропа одағының өкілі Иранның "Ортақ қаадам" бағдарламасы аясындағы әрекеттері мақтауға тұрарлық",- деп мәлімдеді.
БҰҰ бас хатшысы сондай-ақ өз баяндамасының келесі бөлімінде ИИР-нан балистикалық зымырандарды атудан бас тартуын сұрады. АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейли Антонио Гуттериштің дәл осы сөздерін сылтауратып: "Иран балистикалық зымырандарды ату және зымырандарға қатысты құрал-жабдықтарды заңсыз сатып алу арқылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзып отыр",- деген уәж айтты. АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі өзінің Иранға қарсы кеңістік тудыруының жалғасында: "Иранның қару-жарақтары мен оның әскери кеңесшілері аймақтық бейберекеттіктерді шиеленістіріп, оларды шешу жолы қиындай түсті",- деді.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты отырысы бейсенбі күні кешке ешқандай қорытынды мәлімдесіз өз жұмысын аяқтады. Алайда, бұл отырыс кезінде БҰҰ-дағы АҚШ және Франция өкілдерінің ұстанымындағы "Ортақ қадам" бағдарламасына деген саяси көзқарастары айқын болды. Қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда Еуропа одағы, Ресей мен ҚХР өкілдерінің "Ортақ қадам"жан-жақты бағдарламасына қатысты оң көзқарасына қарамастан, АҚШ бұрынғыдай кеңістік тудыру мен бос уәж айту жоспары арқылы әлі де "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзу және өз міндеттемелерін орындамау жолында қадам басып келеді.
"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының 2016 жылы қаңтардың он алтысы күні бекітілуінен бастап, Халықаралық Атом Қуаты Агенттігі ядролық келісімге бақылау жасайтын орган ретінде жеті баяндама жариялап, "Ортақ қадамның" жүзеге асырылуының жалғасуы мен Иранның бұл бағдарлама негізінде әрекет етіп жатқанын растаған болатын. Бірақ, АҚШ үнемі "Ортақ қадам" бағдарламасын іске асыруда кедергі жасап, "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығуға байланысты мәселе тудырып, №2231 қарарды Иранға қарсы айыптау ретінде қарастырды.
№2231 қарада Ираннан ядролық оқтұмсықтарды тасымалдауға арналған балистикалық зымырандар саласында ешқандай әрекет жасамау талап етілген жағдайында БҰҰ бас хатшысы мен АҚШ Ираннан балистикалық зымырандарды атудан бас тартуын сұрап отыр. Иран да ядролық қару Иранның әскери доктринасында қарастырылмағанын, негізінен Иран зымырандарының ядролық оқтұмсықтар тасымалдау мақсатында жасалмағанын бірнеше рет баса айтқан болатын. АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығу туралы мәселені көтеріп, Иранға қарсы айып тақты. Негізінде АҚШ "Ортақ қадам" бойынша өзінің тікелей міндеттемелеріне берік болмай, БҰҰ тек Вашингтонның бүлдіргі әрекеттерін бақылап отырған.
АҚШ Сенатының жуырда қабылдаған заң жобасы "Ортақ қадам" бағдарламасын жүзеге асыра бастаған кезден бастап оның рухын бұзуға бағытталған шаралардың тағы біреуі саналады. Бұған қарамастан, Ақ үй өз міндеттемелеріне берік еместігі және өзінің аймақтағы саясаттарын бүркемелеу үшін "Ортақ қадам" бағдарламасынан тыс мәселелерге назар аудартып, өзінің саяси мақсаттарын алға ілгерілетуді көздеп отыр. Осы салада БҰҰ-дағы Ресей өкілі АҚШ пен БҰҰ бас хатшысының баяндамасындағы бір бөлімінде "Ортақ қадам" бағдарламасына байланысты сындарсыз мазмұнды тақырыптарды көтергенін сынға алып: "Иранның зымырандық мәселесі мен аймақтық мәселелердің қарастырылуы №2231 қарарға сәйкес келмейді. Ал жеткілікті дәлел-дәйексіз бос айыптау "Ортақ қадам" бағдарламасының жүзеге асуын дұрыс бағыттан шығаруы мүмкін",- деді.