Ресей мен Сирия арасындағы қайшылықтар теріске шығарылды
(last modified Wed, 16 Mar 2016 10:15:26 GMT )
Нау 16, 2016 16:15 Asia/Almaty
  • Ресей мен Сирия арасындағы қайшылықтар теріске шығарылды

Сирия Президенті Ресей мен Сирияның арасындағы қайшылықтарды теріске шығарды.

ИСНА-ның «Raialyoum» газетіне сілтеме жасап хабарлауынша, Сирия Президенті Башар Асад: «Кейбір ақпарат құралдары мен қоғамдық арналардың «Ресейдің Сириядағы күштерін шығару шешіміне байланысты екі елдің арасында қайшылықтар пайда болды» деген хабарлары шындыққа жанаспайды. Мәскеу мен Сирияның арасында ешқандай қайшылық жоқ. Ресейлік күштерді шығару шешімі екі жақтың, яғни сириялық және ресейлік тараптардың толық келісімі бойынша қабылданды. Бұл шешімге әсіресе атыс тоқтатудан кейін орын алған өзгерістер себеп болды»,- деді.

Башар Асад сонымен бірге Ресей мен Сирияның лаңкестерге қарсы күрес саласында ынтымақтастықтарын жалғастыратындықтарын қуаттады.

Басқа жақтан Сирия әскері Ресей Президентінің бұл шешіміне реакция білдіріп: «Лаңкестікке қарсы соғыста қол жеткізілген жетістіктерден кейін Сириядағы ресейлік күштердің санын азайту келісімі – табиғи мәселе. Бұл шешім соңғы өзгерістерге байланысты және Ресей мен Сирияның әскери басшылары тарапынан қабылданды»,- деді.