Зариф "Монафеқин" тобының отырысына реакция білдірді
(last modified Sun, 02 Jul 2017 09:27:07 GMT )
Шіл 02, 2017 15:27 Asia/Almaty
  • Зариф

Иран Сыртқы істер министрі Парижде "Монафеқин" лаңкестік тобының отырысына реакция білдіріп: "Бұл топтың Францияда болуы және әрекет етуі Иран мен Франция қарым-қатынастарындағы екіұшты мәселе болып табылады",- деп мәлімдеді.

Мохаммад Джавад Зариф Шарль де Голь атындағы әуежайда Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігіне берген сұхбатында кеше Парижде өткен "Монафеқин" лаңкестік тобының отырысы жайлы: "Бұл топтың лаңкестік тарихы баршаға мәлім. Аймақ пен Еуропа елдерінің үкіметтері "Монафеқин" лаңкестік тобының өткенімен жақсы таныс",- деді.

Иран Сыртқы істер министрі "Монафеқин" лаңкестік тобының Францияда әрекет етуіне рұқсат беруіне өкініш білдіріп: "Францияның лауазымды тұлғаларымен өткен сұхбаттар кезінде осы тақырыпты екі ел қарым-қатынасындағы екі ұшты мәселе деп айттым. Олр да әрдайым бұл топпен ешбір байланысы жоқ екендіктерін баса айтты.

Иран халқы жек көретін, лаңкестік әрекеттерге қолдары былғанған, Иран халқына қарсы қылмыс жасауда Саддам режимімен ынтымақтастық жасаған және соңғы апталар мен айларда елімізде лаңкестік шабуыл жасауға талпыныс жасаған топқа әрекет етуге рұқсат беру осындай топпен ынтымақтастық жасайтын мемлекеттердің өткеніндегі қара дақ саналады",- деді.

 

Тегтер