Сауд Арабиясы Ұлыбританияда әсірешілдіктің таралуына жауапты
Ұлыбританияда жасалған бір зерттеудің нәтижесінде Сауд Арабиясы осы елдегі әсірешілдіктің басты қолдаушысы аталды.
Халықаралық қатынастар саласында зерттеулер жасайтын Генри Джексон атындағы қоғам Арабстан мен Парсы шығанағындағы басқа да араб елдерінің Ұлыбританияда әсірешілдіктің таралуы мен осы көзқарасты ұстанатын топтарды қаржылай қолдаудағы рөлін зерттеу қажет екенін мәлімдеді.
Осы мәліметке сай, Парсы шығанағындағы бірнеше ел, соның ішінде, осы тізімнің басында тұрған Арабстан әсірешілдікті таратушыларды оқыту орталықтарына қаржылай көмек көрсетіп, осы сенімдерді Ұлыбританияда таратуда маңызды рөл атқарған. Лондон мен Мансчетерде жуырда орын алған лаңкестік шабуылдарда лаңкестерге көрсетілген қаржылай қолдау британиялықтар үшін көптеген сауалдар тудырып отыр.