Солтүстік Корея: Құрлықаралық баллистикалық зымыран – АҚШ-қа ядролық қуатты көрсетудегі соңғы жоба
(last modified Thu, 06 Jul 2017 07:40:04 GMT )
Шіл 06, 2017 13:40 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея: Құрлықаралық баллистикалық зымыран – АҚШ-қа ядролық қуатты көрсетудегі соңғы жоба

Солтүстік Корея елінің құрлықаралық баллистикалық зымыранды сәтті ұшыруын Солтүстік Кореяның АҚШ-қа ядролық қуатын көрсетудегі соңғы жоба болғанын мәлімдеді.

ИРНА ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Солтүстік Корея АҚШ-қа ескерту жасап: "Бұл зымыранды ату арқылы екі тарап қақтығысы өзінің соңғы кезеңіне жетті. Бұл жағдайдағы жалғыз шешім жолы екі тарап арасында дипломатиялық келіссөздер жүргізу болып табылады",- деп хабарлады.

Солтүстік Кореяның осы аптаның сәйсенбі күні құрлықаралық баллистикалық зымыран атуы аймақтағы ахуалды бұрынғыдан бетер шиеленістіріп, Сеул мен Вашингтонның ара-қатынасының тығырыққа тірелуіне себеп болды.

Солтүстік Корея соңғы жылдары АҚШ Солтүстік Кореяға қастандық және дұшпандық саясат ұстанбағанда, бұл ел ешқашан ядролық қару жасауға бет бұрып, атом сынақтарын өткізбеген болар еді  деп бірнеше рет мәлімдеме жасады.