Шамхани: Ресейдің Сириядан шығуы үйлесімділікпен іске асты
Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани Ресейдің Сириядан шығуы үйлесімділікпен алдын ала жоспар бойынша іске асқанын, тосын жағдай болмағанын мәлімдеп:
Сирия армиясының лаңкестік топтар халық пен аймақтың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп жатқан аймақтарға қарай алға жылжуы Иран мен Ресей кеңесшілерінің көмегімен жалғасатын болады.
Сирияның болашағы мен тағдырын белгілеу тек Сирия халқының қолында. Осы маңызды мәселеге немқұрайдылық танытқан кез- келген жоба бұрынғысынша сәтсіздікке ұшырайды.
Сирия жүйесін әлсірету басынан бастап аймақта қарсыласуды әлсірету үшін жобаланған америкалық- сионистік жоба еді. Бұл жобаға аймақтағы бірнеше ел де ілесті. Бұның демократияға еш қатысы жоқ.
Қазіргі кезде лаңкестік аймақ асып, Еуропаға да қанат жайып отырған кезде өкінішке орай, Сирияға қатысты бұрынғы қате саясат одан әрі жалғасуда» деді.