Пәкістан премьер-министрі Орта Азиядан электр қуатын импорттау жобасын жылдамдатуды қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i28708
Пәкістан премьер-министрі Пәкістанға Орта Азиядан электр тасымалдау жобасын жүзеге асыру жолындағы кедергілерге қарамастан бұл елдің сол жобаны дер уақытында аяқтайтынын мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 06, 2017 18:24 Asia/Almaty
  • Пәкістан премьер-министрі Орта Азиядан электр қуатын импорттау жобасын жылдамдатуды қуаттады

Пәкістан премьер-министрі Пәкістанға Орта Азиядан электр тасымалдау жобасын жүзеге асыру жолындағы кедергілерге қарамастан бұл елдің сол жобаны дер уақытында аяқтайтынын мәлімдеді.

ИРНА-ның Пәкістанның мемлекеттік ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Мохаммад Наваз Шариф бейсенбі күні Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласында Пәкістан, Тәжікстан, Ауғанстан және Қырғызстан қатысқан төртжақты отырыста: "Пәкістан экономикалық және әлеуметтік салаларды, сонымен қатар елдің өнеркәсібін дамытуды жылдамдату үшін Орта Азиядан электр қуатын қажет етеді" деді.

Пәкістан премьер-министрі сондай-ақ, әлемдегі энергия индустриясындағы белсенді компаниялардың CASA-1000 жобасына қатысуына үміт білдіріп: "Қырғызстаннан Тәжікстанға, сол жерден Ауғанстанға электр тасымалдайтын трубалар салынды. Осы салада бағамдау жұмыстары жүзеге асырылып жатыр" деді. 

CASA-1000 жобасының алғашқы келісімдеріне 2007 жылы Пәкістан, Ауғанстан, Тәжікстан мен Қырғызстан арасында қол қойылды. Бірақ аталмыш жобаны орындау жолында үлкен кедергілердің болуы, соның ішінде Ауғанстанда қауіпсіздіктің болмауы мен осы жобаның қаржылай қамтамасыз етілмеуі оны жүзеге асыру ісінің ұзаққа кешіктірілуіне себеп болды.