Путин: Әлемдік экономика өзгерісті қажет етеді
Ресей президенті әлемдік экономиканың құрылымдық өзгерісті қажет ететінін айтты.
Ресей президенті Владимир Путин G-20 отырысы қарсаңында Германияның Handelsblatt газеті жариялаған мақаласында біржақты санкцияларды жүзеге асырудағы саяси сылтаулар мен коммерция және инвестиция салу саласындағы шектеулерді, дамыған технологияларды басқа елдерге беруден бас тартуды әлемдік экономиканың негізгі қиындықтары деп атап: "Басқа елдерге санкция салудың еш пайдасы болмауымен қатар, бұл іс әлемнің барлық елдерімен әрекеттесіп, серіктестік жасау бағытындағы G-20 тобының негізгі принциптеріне де қайшы" деді. Ресей президенті сонымен қатар киберлік қауіпсіздік пен лаңкестікті әлемдік маңызды түйткілдердің қатарында атап, G-20 тобының келіссөздерін осындай мәселелерді ортаға салу үшін ыңғайлы мүмкіндік деп бағалады.