Иранның футбол командасы әлемде 23-ші орынға көтерілді
https://itolqyn.com/news/world-i28714-Иранның_футбол_командасы_әлемде_23_ші_орынға_көтерілді
Әлемдік футбол федерациясы FIFA 2017 жылғы шілде айындағы рейтингті жариялады. Соған сәйкес, Иранның футбол командасы маусым айындағы рейтингтен жеті сатыға көтеріліп, 893 ұпаймен әлем бойынша 23 орында, Азия құрлығында бірінші орында орналасты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 06, 2017 19:42 Asia/Almaty
  • Иранның футбол командасы әлемде 23-ші орынға көтерілді

Әлемдік футбол федерациясы FIFA 2017 жылғы шілде айындағы рейтингті жариялады. Соған сәйкес, Иранның футбол командасы маусым айындағы рейтингтен жеті сатыға көтеріліп, 893 ұпаймен әлем бойынша 23 орында, Азия құрлығында бірінші орында орналасты.

Сол рейтингке сәйкес, Германияның футбол командасы әлем бойынша бірінші, Бразилия екінші, Аргентина үшінші, Португалия төртінші орындарда орналасты. Азиялық рейтингте де Иранның футбол командасынан кейін Австралия екінші, Жапония үшінші, Оңтүстік Корея төртінші орындарға жайғасты.