Германия полициясы Гамбургте өтетін G 20 тобы отырысына қарсы шерушілермен қақтығысты
https://itolqyn.com/news/world-i28728-Германия_полициясы_Гамбургте_өтетін_g_20_тобы_отырысына_қарсы_шерушілермен_қақтығысты
Гамбургте өтетін G 20 тобы отырысына қарсылардың шеруі полициямен қақтығысқа себеп болды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 07, 2017 18:06 Asia/Almaty
  • Германия полициясы Гамбургте өтетін G 20 тобы  отырысына қарсы шерушілермен қақтығысты

Гамбургте өтетін G 20 тобы отырысына қарсылардың шеруі полициямен қақтығысқа себеп болды.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, бұл қақтығыстар наразылар полицияға қарай бөтелке мен басқа заттар лақтырған соң орын алды.

Бұдан бұрын полиция Еуропаның жері-жерінде өтіп, шамамен 100000 адам қатысқан бұл шерудің Германияға жететінін ескерткен болатын. Полиция біраз шерушіні қамауға алды.

Наразылардың айтуынша, G 20 тобына мүше елдер  әлемдік мәселелердің шешім жолын таба алмағандықтан, әлемдік бейбітшілікті қатерге тіреді. Гамбург - Германияның екінші үлкен қаласы. Бұл қалада G 20 тобының басқосуы өтеді. Гамбург қауіпсіздік шараларды нығайту үшін айналасындағы қалалардан көмек алды.