G 20 саммитінің мәлімдемесі лаңкестікпен күрес тақырыбына арналды
(last modified Sat, 08 Jul 2017 10:20:31 GMT )
Шіл 08, 2017 16:20 Asia/Almaty
  • G 20 саммитінің мәлімдемесі лаңкестікпен күрес тақырыбына арналды

G 20 тобының жұма күні өткен отырысы лаңкестікпен күрес пен оның қаржылай қамтамасыз етілуі мен киберлік кеңістік арқылы кең етек жаюының алдын алу тақырыптарына арналған қорытынды мәлімдеме жариялаумен аяқталды.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, саммитке қатысушылар әлемнің жер-жеріндегі лаңкестік шабуылдарды айыптап, лаңкестік пен оның қаржылай қамтамасыз етілуімен күресте бірігу қажеттігін қуаттады. 

"Үлкен жиырмалық" тобының мүшелері лаңкестік мақсаттарда киберлік кеңістікті пайдаланудың алдын алу үшін жеке сектормен ынтымақтастық жасап, лаңкестікке итермелейтін мәселелерге тыйым салуға міндеттелді.

Осы мәлімдемеге сәйкес, үкіметтер лаңкестердің елдеріне оралу қаупіне қарсы күресте ақпарат алмасып, олардың база құру әрекеттерінің алдын алу шараларын іске асыруы тиіс.

Саммит қауіпсіздік шараларына қарсы тараптардың наразылық білдіруіне қарамастан өткізілді. Бейсенбінің кешінен бүгінге дейін жалғасқан наразылықтар полиция қызметкерлері мен наразылық білдірушілер арасында қақтығыстардың орын алуына себеп болды. Қақтығыстар салдарынан қазірге дейін шамамен 160 полиция қызметкері жарақаттанып, 70 наразы құрықталды.