Ресей Иран және Түркиямен Сирия дағдарысын шешу бойынша ынтымақтастықты жалғастыруды қуаттады
Ресей президенті "Мәскеу, Теһран мен Анкара үш жақты ынтымақтастықпен Сирия дағдарысын шешу жолында келесі қадамдарды жасайды" деді.
ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Владимир Путин Германияның Гамбург қаласында өткен "жиырмалық" тобының екі күндік саммитінің соңында баспасөз конференциясында: "Қол жеткізілген оң тәжірибеге сүйеніп, соны іске жаратып, Иран мен Түркия және Башар Асад үкіметінің ізгі ниетіне арқа сүйеп, осы елдің мәселелерін шешу үшін келесі қадамдарды жасауға болады" деді.
Владимир Путин шілде айының 4-5 күндері Қазақстанның Елордасы Астана қаласында өткен "сириялық-сириялық" келіссөздердің бесінші кезеңінде қол жеткізілген нәтижелерге тоқталып, Сирияның территориялық біртұтастығы мен бірлігінің осы жобадағы маңызды жайт екендігін ескертті.
Ресей президенті Америкамен қақтығыс азайтылған оңтүстік аймақ туралы келісімді маңызды өзгеріс деп атап: "Башар Асадтың болашағы туралы шешімді Сирия халқы қабылдайды".