Орта Азия және Кавказ елдерімен ғылыми-техникалық қатынастарды кеңейту – Иранның басты бағдары
Иранның Ғылым, зерттеу және технология министрі: "Бұрынғы Кеңес одағының құрамындағы мемлекеттердің басым бөлігі Ирандағы академиялық буынның үшінші буынын тәрбиелеуде әсерлі болатын жақсы технологияларға ие",- деп мәлімдеді.
ИРНА ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі мәліметі бойынша, Иранның Ғылым, зерттеу және технология министрі Мұхаммад Фархади Грузия сапары барысында Теһран мен Тблиси арасындағы ынтымақтасты кеңейтуге үміт білдіріп: "Өткен келіссөздердің мақсаты Грузия және аймақ елдерімен ғылыми-технологиялық ынтымақтастықтарды дамыту болып табылады",- деді.
Фархади аймақ елдерінің ғылыми-технологиялық қабілет деңгейін Иранмен қатынастарын кеңейту үшін өте жақсы деп бағалап: "Бұрынғы Кеңес одағының мүше елдері Иранмен ынтымақтастық жасау үшін кейбір салалар мен технологияларда әлемдегі өте жоғары орын мен сапалы әлеуеттерге ие болып отыр",- деп қуаттады.
Иранның Ғылым министрі сондай-ақ Иранның академиялық жүйесінің жоғары дәрежесіне сілтеме жасап: "Әлемнің ең мықты жоғары оқу орындары туралы рейтингке сәйкес Иран 14 университет, 39 ғылыми-технологиялық парк, жоғары деңгейде білім беру саласындағы 170 даму орталығына ие болуымен аймақ елдерімен өзара ынтымақтастық жасай алады",- деп мәлімдеді.