Ресейде оппозиция басшысын өлтірген адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды
(last modified Fri, 14 Jul 2017 02:49:42 GMT )
Шіл 14, 2017 08:49 Asia/Almaty
  • Ресейде оппозиция басшысын өлтірген адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды

2015 жылдың ақпан айында Кремль сарайының маңында өлтірілген Ресей үкіметі қарсыластарының жетекшісі Борис Немцовтың өліміне қатысты сот отырысы бейсенбі күні аяқталып, Заур Дадаев басты қылмыскер ретінде 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұрын Ресейдің Ішкі істер министрлігінде қызмет еткен бұл офицер сонымен қатар өзінің барлық үкіметтік міндеттерінен босатылды. Сот үкіміне сәйкес, Дадаевтың үш сыбайласы да 14-19 жылға бас бостандығынан айырылған. Немцов 1991 жылы Кеңес үкіметі құлағаннен кейін Нижегородск облысының губернаторы болған.