Ресей Сауд Арабиясының Катарда футболдан әлем чемпионатын өткізбеу туралы ұсынысына қарсылық білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i29038
Ресей Сауд Арабиясының бастамасымен алты араб мемлекетінің әлемдік футбол федерациясынан (FIFA) 2022 жылы Катарда футболдан әлем чемпионатын өткізбеу туралы талабына қарсылық білдірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 17, 2017 16:29 Asia/Almaty
  • Ресей Сауд Арабиясының Катарда футболдан әлем чемпионатын өткізбеу туралы ұсынысына қарсылық білдірді

Ресей Сауд Арабиясының бастамасымен алты араб мемлекетінің әлемдік футбол федерациясынан (FIFA) 2022 жылы Катарда футболдан әлем чемпионатын өткізбеу туралы талабына қарсылық білдірді.

Сауд Арабиясы, Йемен, Мавритания, БАӘ, Бахрейн мен Мысыр елдерінің футбол конфедерациялары сенбі күні «Катар лаңкестерді қолдайды» деген уәжбен 2022 жылы Дохада футболдан әлем чемпионатының өткізілмеуін сұраған болатын.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ресей премьер-министрінің орынбасары әрі Ресей футбол одағының басшысы Виталий Мутко: "2022 жылы футболдан әлем чемпионатын өткізуді Катардан басқа елге ауыстыруға ешқандай заңды дәлел жоқ",- деп мәлімдеді.

Мутко Ресейде 2018 жылы футболдан әлем чемпионатының өткізілетінін айтып: "Бұл елдер FIFA жарғысының әлем чемпионатын қабылдауға келмейтін жағдайда өткізбеу туралы 85 бабына сәйкес федерацияға өтініш жазған",- деді.