Шетелдік ойыншылар Сирия дағдарысын шешуде бағыттас
(last modified Mon, 17 Jul 2017 11:03:12 GMT )
Шіл 17, 2017 17:03 Asia/Almaty
  • Шетелдік ойыншылар Сирия дағдарысын шешуде бағыттас

АҚШ Сирияның оңтүстігінде атысты тоқтату бітіміне келісім бергеннен бір күн өткен соң Женевада «сириялық-сириялық» келіссөздердің жетінші кезеңінің өткізілуі Сирия дағдарысындағы қарсыласушы шетелдік ойыншылардың бір бағытты таңдағанын білдіреді.

Мосулдағы әскери амалдар аяқталып, қала ДАИШ лаңкестерінің басқыншылығынан толық азат етілуімен Сириядағы лаңкестік соғыс елдегі лаңкестік топтардың күннен күнге әлсіреуімен әлі жалғасуда. Сирия әскері мен оның одақтастары Алеппо қаласын толық азат еткеннен кейін басқа аймақтарды, әсіресе Ракка қаласын ДАИШ лаңкестері басқыншылығынан азат етуге мүдделі болып отыр.

Бұл жеңістерден кейін АҚШ-тың жаңа үкіметі Сириядағы лаңкестік топтарды күшейту арқылы бұл елдегі дағдарысты тоқтату мүмкін емес деген қорытынды жасады. Қайта керісінше, бұл дағдарыстан абыроймен шығу үшін бір жағынан Ресей және ИИР-дың ұстанған бағытын қолдап, қарсыласып, Сирияның лаңкестікпен күресіне қолдау көрсету немесе кем дегенде зиянкестік жасамау керек. Сонымен қатар, «сириялық-сириялық» келіссөздеріне кедергі жасамаған жөн. Сол себепті, АҚШ Сирияға байланысты ұстанымдарының бірінен екіншісіне ауысып, Вашингтон Сирияның оңтүстігіндегі атысты тоқтату бітіміне келісім берді.  Алайда, АҚШ-тың Сирия мен Йордания шекараларындағы әскери күштерінің саны артты. Сол себепті, соңғы күндері АҚШ-тың 150-ден астам әскери көлігі Сирия жеріне кіріп, АҚШ-тың Сирия мен Йордания шекарасындағы әскери әрекеттері күшейе түсті.

АҚШ-тың өз ұстанымдарының арасында қайсысын таңдарын білмей, сарсылуы және оның Сирия дағдарысын шешуге жақтас болуы екі маңызды дәлелге сілтеме жасайды: бірінші фактор Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты. Ливандық сарапшы Насер Қандил ливандық Al Banna газетінде жарияланған мақаласында АҚШ-тың Сирия жөнінде ұстанымдарының арасында сергелдең күйге түсуіне тоқталып: "АҚШ Сирияның оңтүстігіндегі атысты тоқтату бітімін көтерді, себебі бұл мәселе Израильдің алаңдаушылығы мен оның қауіпсіздігіне байланысты. Сондай-ақ, осылайша Иранды Сирия шекараларынан басып алынған жерлер арқылы алыстатуға болады.

Екінші фактор лаңкестердің өз отандарына қайтуына байланысты алаңдаушылыққа қатысты. Омар Абдулғани Сирияның Al Watan газетінде жарияланған мақаласында: "Сириядағы өзгерістер мен Ирактағы лаңкестікке қарсы күрестегі жеңістер АҚШ-қа лаңкестердің жақын арада өз отандарына қайта оралатынын ұғындырды. Сондықтан, Сирия халқының басына түскен соғыс Еуропа мен АҚШ-та қайталанбас үшін лаңкестікпен күресте шынайы әрі шұғыл түрде ынтымақтастық жасау керектігі мәлім болды",- деп жазды.

Келесі маңызды мәселе шынайырақ талпыныстар мен Сириядағы қарсыласушы ойыншылардың бүлдіргі әрекеттерінің азаюымен қатар, БҰҰ-ның бақылауымен Женева келіссөздерінің жетінші кезеңі шілденің оны күні өткізіліп, шілденің он бесі сенбі күні аяқталды. Келіссөздердің бұл кезеңінде жаңа Конституция мәтінін әзірлеу, өтпелі үкімет құру, сайлау өткізу мен лаңкестікпен күрес мәселелері талқыланды.

Қорытындылай келе айтарымыз, қарсыласушы ойыншылардың  Сирия дағдарысына кедергі келтіру әрекеттерінің азаюы бұл елдегі лаңкестердің жеңілетіндігіне үміт сыйлайды.