Баку Қарабақта өтетін президенттік сайлауды заңсыз деп таниды
Әзірбайжан республикасының үкіметі Қарабақ аймағында президент сайлауын өткізуді заңсыз деп таниды.
Әзірбайжан республикасының Сыртқы Істер Министрлігінің ақпарат хатшысы Хикмат Гаджиев өзін-өзі жариялаған Қарабақ аймағы Парламентінің осы аймақта президент сайлауын өткізу әрекетіне реакция білдіріп, бұл шараны осы елдің Конституциясы мен заңдарына әрі халықаралық принциптер мен нормаларға қайшы деп атады.
Хикмат Гаджиев Қарабақ аймағын Әзірбайжан республикасы жерінің бір бөлігі деп: «Өзін-өзі жариялаған бұл режим Арменияның қолшоқпары» деді.
Әзірбайжан республикасының СІМ-нің ақпарат хатшысы Қарабақ аймағында президенттік сайлау өткізуді Арменияның бүлдіргі жаңа әрекеті деп атап: «Мұндай әрекеттер Еуропадағы Қауіпсіздік және серіктестік ұйымына қарасты Минск арағайындық тобының Қарабақ кикілжіңін шешудегі талпыныстарының нәтижеге жетпеуі мен осы дағдарысты шешу үшін келіссөздерді қайта бастауға себеп болады» деді.
Қарабақ аймағындағы президенттік сайлау шілденің 19 күні өтеді.
Армения мен Әзірбайжан республикасы арасындағы Қарабақ тақырыбына қатысты дау 1988 жылы басталып, 1992 жылы әскери қақтығыстарға ұласты.