Шетелдік араласушылық пен басқыншылық Таяу Шығыс халықтарын бостандықтан айырды
ИИР Сыртқы істер министрі: «Шетелдік басқыншылық, соғыс, қақтығыс, шетелдік алпауыттардың ішкі іске араласушылық саясаттары Таяу Шығыс тұрғындарын дәулет пен қазба байлықтан айырып қана қойған жоқ, азаттық нығметінен де айырды»,-деп баса айтты.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні БҰҰ-ның әлеуметтік және экономикалық кеңесінің тұрақты даму төңірегіндегі отырысында кедейшілікті бұрынғыдай қазіргі замандағы ең үлкен түйткіл, адамзаттың дамуына шынайы қатер және қоғамдардың тұрақты дамуы жолындағы үлкен кедергі деп атап: «Иранда Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бастап заңды да мықты шеңбер қалыптасты. Бұл шеңбер ұлттық даму саясаттары мен стратегияларын жобалау, орындау мен бақылауға, әсіресе кедейліктің тамырын жоюға мықты негіз қалыптастырды»,-деді.
Зариф, сондай-ақ, Сирия, Ирак, Ауғанстан, Ливия мен Йемендегі дағдарыстарды адамзат баласының өміріндегі ең апатты әрі ащы үлгілердің бірі деп атап: «Әсірешіл лаңкестер қазіргі шектен тыс үмітсіздік, тәкфирлік идеология мен аймақтық және әлемдік ойыншылардың оны қолдауын теріс пайдаланып, аймақ пен әлемді сипаттауға келмейтін қылмыстармен ластады»,-деді.