«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жеңіліске ұшыраса, басқа келісімге келу мүмкін емес
Иран Сыртқы істер министрі Зариф: «АҚШ-пен қайта ядролық келіссөздер өткізуді елестетудің өзі қауіпті. Бұл келісім жеңіліс тапса, басқа келісімге келу мүмкін емес»,-деді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні АҚШ-тың «The New Yorker» басылымына берген сұхбатында: «Екі жыл бұрын қазіргі ядролық келісімге қол жеткізу өте күрделі болды. Басқа бір келісімге келу іс жүзінде мүмкін емес. ИИР АҚШ-пен қайта келіссөз өткізуге дайын деп ойлау қателік»,-деді.
Зариф мұнымен бір мезгілде АҚШ Мемлекеттік хатшысымен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының баптарын орындауда пайдалы да тиімді болатын сұхбатты теріске шығармай: «Егер ядролық келісімді орындау үшін қажет болса, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесіп, сұхбаттасуға қарсылығым жоқ.
ИИР АҚШ үкіметімен келіссөздер өткізуге өтініш жасаған жоқ. Болашақта да мұндай оқиға орын алмайды»,-деді.