Шіл 21, 2017 20:57 Asia/Almaty
  • Иранның халықаралық сахнадағы мықты тұсы жарияланды

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары әрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қадағалау штабының ирандық басшысы Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелеріне берік болуын оның халықаралық сахнадағы мықты тұсы деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің Венадан хабарлауы бойынша, сейіт Аббас Арақчи бейсенбі күні түстен кейін Венада АҚХА-ның бас директоры Юкио Аманомен кездесіп, сұхбаттасқаннан кейін: «Біз «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы ортақ комиссиясының жұма күні, 21 шілдеде өтетін келесі отырысына қатысамыз. Бұл мүмкіндікті АҚХА -ның бас директоры Юкио Аманомен кездесіп, Иран мен агенттіктің әсіресе «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы саласындағы әріптестігіне шолу жасау үшін пайдаланамыз.

Ең маңыздысы, ИИР «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелеріне берік болды. Бұл АҚХА -нің әртүрлі есептерінде нақты айтылған. АҚШ-тың жасауы мүмкін барлық заң бұзушылықтарының алдында АҚХА тарапынан расталған ИИР-ның өз міндеттемелеріне беріктігі оның халықаралық сахнадағы мықты тұсы болып отыр. Бұл агенттікпен біздің жақсы әріптестігіміздің нәтижесі»,-деді.

 

Тегтер