Шіл 22, 2017 16:22 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары әрі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының жүзеге асырылуын қадағалайтын штабтың ирандық басшысы кеше жұма күні өткен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы ортақ комиссиясының отырысын қорытындылап, "Ортақ қадам" бағдарламасының ізгі ниетпен және сындарлы кеңістікте толық іске асырылу қажеттігін әлем үшін өте мықты жолдау деп атады.

Сейед Аббас Арақчи Австрияның астанасы Венада өткен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы ортақ комиссиясының сегізінші кезеңінің соңында тілшілерге берген сұхбатында барлық тараптардың Иранның "Ортақ қадам" бағадарламасына беріктігі және Халықаралық Атом Қуаты Агенттігімен ынтымақтастығы үшін алғыс білдіргеніне тоқталып, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссия мүшелерінің осы бағдарламаның ізгі ниетпен және толық жүзеге асуына нұқсан келтіретін кез келген әрекеттен бас тарту қажеттігін қуаттағанын баса айтты.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары ирандық делегацияның бұл отырыста қарсы тараптың, әсіресе АҚШ-тың өз міндеттемелерін бұзғаны туралы жайттардың барлығын  баяндағанын айтып: "Барлық тарап "Ортақ қадам" бағдарламасының мәтінінде жазылғандай "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының сақталуы және оның сындарлы кеңістікте ізгі ниетпен жүзеге асуы қажеттігін қуаттады",- деп мәлімдеді.

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы ортақ комиссиясының отырысы "Ортақ қадам" бағдарламасының жүзеге асырылу үдерісін зерттеп, тараптардың арыздарын қарастыру мақсатында үш айда бір Вена қаласында өткізіліп тұрады.

 

Тегтер