АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты уәде бұзушылықтары жауапсыз қалмайды
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалуын бақылау тобының Ирандағы мүшесі Велаяти АҚШ-тың осы бағдарламаны бұзу аясындағы әрекеттеріне білдірген реакциясында: «АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты уәде бұзушылықтары жауапсыз қалмайды»,-деді.
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалуын бақылау тобының мүшесі Әли Акбар Велаяти сенбі күні Теһранда тілшілерге берген сұхбатында жұма күні Венада өткен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы ортақ комиссиясының отырысында АҚШ-тың осы бағдарламаны бұзу жайттарын талқылауға Иранның қанағаттанбағанын айтып: «Иран бағдарламаның орындалуын қадағалаушы комиссияның мүшесі ретінде АҚШ-тың уәде бұзушылығына наразы»,-деді.
ИИР Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы, сондай-ақ, Кувейт үкіметінің Иранға қарсы жуырдағы шараларына: «Иранмен тату көршілестік қатынаста болу Кувейт үкіметі мен халқының мүддесіне сай келеді. Кувейт өзінің ұлттық мүдделерін саудиялықтар, америкалықтар мен сионистердің қысымына салмасын»,-деді.
Велаяти, сондай-ақ, Сауд Арабиясының Иранның дипломатиялық делегациясының қажылық сапарға виза бермегеніне тоқталып: «Иран үкіметі ирандық қажылардың қадір-қасиетінің сақталуы шартымен оларды жіберуге келісті. Шын мәнінде ИИР өз қажыларының қауіпсіздігі мен ар-намысын қорғайды»,-деді.