Ресей Иранға қарсы санкцияларды «Ортақ қадам» бағдарламасын бұзу деп атады
Шіл 23, 2017 20:44 Asia/Almaty
Ресей СІМ мәлімдеме жариялап, жұма күні Венада өткен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы комиссияның сегізінші кезеңіне қатысушылардың өздерінің міндеттемелеріне беріктігі мен соларды сындарлы кеңістікте толық әрі әсерлі түрде жүзеге асыру қажеттігін қуаттағанын хабарлап:
"Қатысушылар Иранның «Ортақ қадам» бағдарламасы шеңберіндегі өз міндеттемлеріне беріктігі мен Халықаралық Атом Қуаты Ұйымымен жоғары деңгейде серіктестік жасағанын, аталмыш ұйымның да Теһранның қатынасы мен әрекеттерін мақұлдағанын растады" деп жазды.
Ресей «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының баптарын халықаралық келісімге қол қойған барлық тараптардың толық сақтауы қажеттігін қуаттады.
Тегтер