Ресей АҚШ-тың жаңа санкцияларына реакция білдірді
Кремль АҚШ Конгресінің Ресейге қарсы жаңа санкцияларының қабылдауға келмейтінін айтып, бұл заңды бекітудің екі елдің қарым-қатынасына кері әсерін тигізетінін мәлімдеді.
АҚШ Конгресінің жексенбі күнгі шешіміне сәйкес, америкалық заң шығарушылар Ресейге қарсы санкция салу туралы келісімге келіп, Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды қамтитын жаңа нұсқасын жаз айларының соңына дейін бекітуді көздеп отыр. Осы санкцияның бағдарламасы мәлім болғаннан кейін Кремль оны қабылдауға келмейтін әрі екі елдің қарым-қатынастарына кері әсерін тигізетін әрекеттер деп атады. Ресей президентінің ақпарат хатшысы Дмитрий Песков: "Кремль бұл заңды теріс іс санайды. Ресейге қарсы заң жобасында тіпті АҚШ президентіне де ресейлік тарапқа қарсы санкцияларды жоюға өкілеттік берілмеген" деді.
Ресейдің Газром компаниясының Балтық теңізі арқылы Германияға газ жөнелтуге арналған North Streem газ құбыры жобасы АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларының нысаналарының бірі болып табылады.