Иран мен Оңтүстік Корея өнеркәсіп саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойды
(last modified Tue, 25 Jul 2017 01:45:25 GMT )
Шіл 25, 2017 07:45 Asia/Almaty
  • Иран мен Оңтүстік Корея өнеркәсіп саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Иранның өнеркәсіпті кеңейту және жаңарту ұйымы мен Оңтүстік Кореяның Джианг Ги облысының әкімі ынтымақтастықтарды арттыру мақсатында меморандумға қол қойды.

Осы меморандумға сәйкес, Иранның өнеркәсіпті кеңейту және жаңарту ұйымы  Оңтүстік Кореяның осы саладағы технологияларын импорттап, Оңтүстік Кореяның экономикалық белсенділерінің Иранда инвестиция салуы үшін жағдай жасайды.  Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батысында орналасқан Джианг Ги облысы ел экономикасының 22 пайызын қамтамасыз етіп отыр.