Иран мен Ресейге қарсы санкциялар – АҚШ тарихындағы ең жан-жақты санкциялар жиынтығы
АҚШ Өкілдер палатасының төрағасы сейсенбі күні кешкісін өткен отырыста ИИР, Ресей мен Солтүстік Кореяға қарсы жан-жақты санкциялар туралы заң жобасын бекіткеннен кейін, мәлімдеме жариялап: "Бұл бекітілген заң жобасы АҚШ тарихындағы ең жан-жақты санкциялар жиынтығы саналады",- деді.
АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Пол Райан сейсенбі күні кешке өткен отырыста ИИР, Ресей мен Солтүстік Кореяға қарсы жан-жақты санкциялар туралы заң жобасын бекіткеннен кейін мәлімдеме жариялап: "Бұл бекітілген заң жобасы АҚШ тарихындағы ең жан-жақты санкциялар жиынтығы саналады.
Бұл санкциялар жиынтығы америкалықтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында Вашингтонның ең қауіпті дұшпандарының өрісін тарылтады",- деп мәлімдеді.
АҚШ Конгресі Өкілдер палатасы сейсенбі күні Вашингтонның Теһран мен Мәскеуге қарсы дұшпандық әрекетінің жалғасында ИИР мен Ресейге қарсы жан-жақты санкциялар туралы заң жобасын үш қарсы, 419 дауыстың қолдауымен бекітті.
АҚШ Сенаты 2017 жылы маусым айының он бесі күні Ресей мен Иранға қарсы жаңа санкциялар салу туралы заң жобасын бекіткен болатын. Алайда республикашылдардың бұл тізімге Солтүстік Кореяны қосу туралы ұсынысынан кейін, бұл заң жобасын Өкілдер палатасында қарастыру кейінге қалдырылды.
Бұл заң жобасы Сенатта бекітілген соң заңға айналып, жүзеге асуы үшін АҚШ президенті Дональд Трамп қол қоюы керек.