Американың Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуі байланыстарды шиеленістіре түседі
(last modified Wed, 26 Jul 2017 14:01:03 GMT )
Шіл 26, 2017 20:01 Asia/Almaty
  • Американың Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуі байланыстарды шиеленістіре түседі

Ресей Федерациясы Думасының шетелдік байланыстар комитетінің басшысы Леонид Слуцкий осы елге қарсы санкцияларды күшейту жобасының Ресей мен Америка байланыстарының әлсіреуіне себеп болатынын айтып:

«Санкцияларды арттыру Ресей мен Америка байланыстарын жақсарту ықтималын әлсіретіп, тіпті бұл байланыстарды жақын болашақта шиеленістіре түседі.

Ресей мен Америка сұхбаттарындағы осы түйінді шешу бағытындағы дипломатиялық талпыныстар ықтималы тіпті мардымсыз. Егер санкциялар заңжобасына Америка президенті Дональд Трамп қол қоятын болса, бұл 2014 жылдан бергі ең ауқымды әрі жан-жақты санкциялар болмақ. Санкциялар Ресей компанияларын ғана емес, сонымен қатар Ресеймен серіктестік жасауды қалайтын басқа елдерге де теріс әсерін тигізетін болады» деді.  

Америка Конгресінің Өкілдер палатасы сейсенбі күні Ресей мен Иран және Солтүстік Кореяға қарсы Американың біржақты санкцияларын күшейту жобасын бекітті. Бұл жоба 419 оң және 3 қарсы дауыспен бекітілді.