Америка «Ортақ қадам» бағдарламасының табысты орындалуына қатер төндіруде
(last modified Wed, 26 Jul 2017 14:02:13 GMT )
Шіл 26, 2017 20:02 Asia/Almaty
  • Америка «Ортақ қадам» бағдарламасының табысты орындалуына қатер төндіруде

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми Америка Өкілдер палатасының Иранға қарсы ядролық емес санкция салу арқылы көп жақты әрі халықаралық келісім саналатын «Ортақ қадам» бағдарламасының табысты жүзеге асырылуына қатер төндіретінін айтты.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми Американың Өкілдер палатасының Иранға қарсы санкция салудағы заңсыз әрекетін айыптап: «Америка «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы негізіндегі міндеттемелерін орындауы керек. Елдердің ішкі қарарлары үкіметтердің халықаралық жауапкершіліктерінің негізінен жалтаруына себеп бола алмайды. Иранға қарсы санкция салу жобасын бекіту «Ортақ қадам» бағдарламасының рухы мен мазмұнына қайшы. ИИР өзінің ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету бағытында қарымта әрі тиімді шара қолданады» деді.